Мақалада Ақмола облысындағы «Еңбек» ЖШС симментал төлдерінің шығу тегіне байланысты өсуі мен дамуы сипатталған. Төлдерден туғанда, 3, 6, 12 және 18 айларында тірілей салмақтары мен негізгі дене өлшемдері алынды: шоқтығы биіктікті, құйымшақ биіктікті, кеуденің тереңдігі мен енін, сербек аралық енін, дененің қиғаш ұзындығын (таяқшамен), кеуде орамы, жіліншік орамы. Литера бұқасы желісінің төлдерінің тірілей салмағы туған кезде 33,4 кг, 6 айлық жасында 174,9, 12 ай – 251,8, 18 ай – 387,1 кг болса, Вильдфанг бұқасының төлдері сәйкесінше 32,0 кг, 165,5 кг, 251,3 кг, 378,6 кг көрсетті. Орташа тәуліктік өсімі туғаннан 6 айға дейінгі жасында жоғары салмақ қосқанын байқадық. Төлдер топтарының жасын ұлғайта отырып, өлшемдердің параметрлері шоқтық биіктігі 6 айлық төлдердіңң 104,3 см және 103,5 см көрсеткішінен, 18 айлық қашарлардың 125,4 см және 123,9 см–ге дейін өсті.Дененің қиғаш ұзындығы 6-дан 18 айға дейінгі кезеңде 35,7 см және 34 см-ге, тиісінше 33,0% және 31,7% - ға өсті. Ендік өлшемдері де ұлғаяды, 6 айлық жасында кеуде ені – 23,4 және 24,3 см, 18 айда – 36,2 см және 37,5 см, абсолюттік өсім – 12,8 см және 13,2 см, даму қарқындылығы – 54,7% және 54,3% құрады Дене құрылысы индекстерінің мәліметтері бойынша симментал тұқымы төлдері тепе-тең денелі екенін айтуға болады. Оңтайлы көрсеткіштерден сирақтылық индексінің кейбір ауытқулары ғана байқалады. Сирақтылық индексі жасына қарай 7,7%–ға, 6 ай көрсеткіштерімен – 57%-ға, 18 ай жасында – 49,3%-ға төмендейді. Тұрқы сипаты индексі 6-дан 18 айға дейінгі кезеңде 10,5%-ға өсті, сәйкесінше, 6 айда – 103,3%, 18 айда – 113,8%. Кеуделік индексі 6 айлық жастан 12 айлық жасқа дейін – 3,2%-ға өсті, 12 айлық жастан 18 айлық жасқа дейін – 1,9%-ға өскенін байқадық. Сүйектілік индексі жасына қарай шамалы өседі, 6 айдан 18 айға дейін – 1,4% өсті. Жас шамасы және тірі салмағының ұлғаюымен, төлдердің денесі ұзарады, оның ені ұлғаяды, жануар тереңірек және салыстырмалы түрде сирақтырақ болады.
Ғылым және білім / Наука и образование
2021. — Выпуск 1
Содержание:
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
Вверх